Қызыма Умму Сәлама деп есім қойсам бола ма?

10 ақпан 2021 6508 0
Оқу режимі

Ассаламу алейкум уа рахматуллахи уа баракатух!

Мен жақында қызды боламын, Инша Алла! Қызымнын есімін Умму Сәлама деп қойсам бола ма? Және бұл есім туралы тусіндірсеңіздер!


Жауап

Уа алейкум ассалам уа рахматуллахи уа баракатух!

Үмму Сәлама – Сәламаның анасы деген мағынаны білдіреді. Араб халқында тұңғыш баласының есіміне Әбу (әкесі) және Үмму (анасы) деп қосып атау салты бар. Мұны Күния деп атайды. Мысалға, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) күниясы – Әбул-Қасым. Себебі, Қасым атты ұлы болған.

Үмму Сәламаның өз есімі – Һинд Үммаияқызы. Күйеуі қайтыс болып, топты бала-шағасымен жесір қалған әйелге қамқорлық жасау мақсатымен үшін Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған үйленеді. Осылайша, Үмму Сәлама – «мұсылмандар анасы» болады.

Қазақ халқында да танымал тұлғалардың туылғанда қойылған есімдерінен бөлек, ел-жұртқа басқа атымен танылғандығын тарихта жақсы білеміз. Мысалға, Құнанбайұлы Ибраһим – Абай, Шыңғысұлы Мұхаммед-Ханафия – Шоқан деген атпен мәшһүр. Жұрт та баласына Абай немесе Шоқан т.б. есімдер беріп жатады. Сол сияқты Үмму Сәлама да «Сәламаның анасы» емес, тарихи тұлға есімі сияқты қалыптасқан. Сондықтан, ерік өзіңізде. Ең бастысы – дені сау, иманды ұрпақ болғай!

Тегтер: ат қою есім
Пікірлер Кіру