Жетісу жерінде мешіт ашылды (ФОТО)

26 наурыз 2019 7942 0
Оқу режимі

Рудничный ауылында «Мол Береке» мешітінің ашылу салтанатына Текелі қаласының әкімі Өнербаев Бахтияр, Алматы облысы Талдықорған өңірінің өкілі имамы Оразбаев Ардақ, Талдықорған қалалық «Нұр» мешітінің имамы Алмас Данағұлов, Текелі қалалық «Керімбек би» мешітінің бас имамы А.Медетбеков және Рудничный ауылының тұрғындары мен қонақтары қатысты.

Ашылу салтанатында Текелі қаласының әкімі Өнербаев Бахтияр келген қонақтарды құттықтап, ұлттық мейрам Наурызда мешіттің ашылуын жақсылыққа балады. Бұдан бөлек, мешітті салуға атсалысқан азаматтарға рахметін айтып, алғыс хатпен марапаттады.

Талдықорған өңірінің өкіл имамы Оразбаев Ардақ мешіт салған кәсіпкер Есхат Мейрамұлына  еліміздің рухани дамуына қосқан үлесі мен сауапты істері үшін Алғыс хатын табыстады. Ауыл ақсақалы Сәбит ата бата беріп мешіттің лентасы қиылды.

Талдықорған өңірінің өкіл имамы Ардақ Нүсіпханұлы мешіт имамын жамағатқа таныстырды.

Тегтер: мешіт ашылды

Дереккөз: Талдықорған өңірлік өкілдігінің баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру