Тұңғыш Президент күніне орай халықаралық конференция өтті (ФОТО+ВИДЕО)

28 қараша 2019 7502 0
Оқу режимі

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай бүгін ел астанасында «Н.Назарбаевтың бейбітшілік пен толеранттылық моделі» атты халықаралық конференция болып өтті.  Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен өткен алқалы жиынға ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, Дін істері комитетінің төрағасы Нүкежанов Ержан, Елбасы кітапханасының директоры Рахымжанов Әмірхан, қоғам қайраткері Төлеген Мұхамеджанов бастаған ел ағалары қатысып, бүгінгі басқосуға орай сүбелі баяндамалар жасады. 

Бас шаһардағы «Достық үйінде» өткен берекелі басқосуға Ватикан елшісі Фрэнсис Ассизи, Пәкістандағы Исламабад халықаралық университетінің Исламды зерттеу институтының директоры, доктор Мухаммед Зия Уль-Хаж, Израиль елшісі Лиат Вексельман сынды өкілетті тұлғалар да арнайы шақырылып, Тұңғыш Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлем алдындағы еңбегі мен абыройы паш етілді.

Көреген басшының бейбітшілік пен толеранттылық орнатудағы ерен еңбектерін дәріптеген конференция жұмысына еліміздегі дін басшылары да арнайы шақырылған болатын. Халықаралық жиынға ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, жас мемлекетіміздің тәуелсіздік жылдары ішінде діни келісім мен бірліктің отанына айналып қана қоймай, әлемдік деңгейдегі Діндер сьездін, Сирия келіссөздерін жүргізу барысындағы жасампаз үлгісі жайлы баяндама жасады.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру