Бас мүфти БАӘ елшісін қабылдады (ФОТО)

05 қазан 2018 6502 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Астанада Біріккен Араб Әмірліктерінің Төтенше және Өкілетті Елшісі Мұхаммед Ахмед Сұлтан Иса әл-Жабермен кездесті.

Ресми кездесуде Бас мүфти мен Елші екі елдің рухани-мәдени саладағы әріптестік қарым-қатынасы, Астанада әр 3 жыл сайын өтетін Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының кезекті съезі, жаһандық діни ахуал, мұсылман үмбетінің бірлігін нығайту, т.б. мәселелер жөнінде пікір алысты. Мұхаммед Ахмед Сұлтан Иса әл-Жабер еліміздің рухани-мәдени саладағы бастамалары жайлы оң пікірін білдірді. Сонымен қатар, дипломат ҚМДБ-ның діни саладағы игі бастамаларына қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.   

Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы өз кезегінде мүфтияттың ұйымдастыруымен өткен Еуразия мұсылман ғұламаларының бірінші форумы жайлы баяндап, аталған халықаралық басқосудың мән-маңызына тоқталды.  

Кездесу соңында ҚМДБ Төрағасы Елшіге «Ұлы дала төсіндегі Ислам» атты кітабын сыйға тартты.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру