Түркияның «Хасеки» институтына қабылдау емтиханы басталды (ФОТО)

03 тамыз 2021 339 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен Түркия дін істер басқармасы арасындағы келісімге орай, 2021-2022 оқу жылына «Хасеки» институтына қабылдау емтиханы басталды.

Білім сынағына ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Ағыбайұлы келіп, емтихан комиссиясының мүшелері мен талапкерлерге сәттілік тіледі.

Биыл елімізден Түркияның «Хасеки» институтына ҚМДБ-ға қарасты оқу орындарын бітірген 57 студент құжат тапсырған. Санитарлық талаптарды сақтай отырып өтіп жатқан қабылдау емтиханы екі күнге созылмақ.

Емтиханды Түркия Республикасының Дін істері басқармасының шетелдерде білім беру және нұсқаулық әзірлеу департаменті басшысы Жошкун Дурсун Али, Түркияның Ақпараттық дамыту департаментінің басшысы Махмут Өздемир мен Мұсылман елдері департаментінің басшысы Махмут Шахин, сондай-ақ Түркия Республикасының Нұр-Сұлтан қаласындағы елішілігінің дін істері жөніндегі кеңесшісі Нешет Бодур қабылдап жатқанын айта кеткен жөн.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру