ҚМДБ төрағасы Түркістанда жұма намазын жүргізді (ФОТО)

18 маусым 2021 370 0
Оқу режимі

Бүгін Түркістан облысына ресми сапармен барған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы облыстық Қожа Ахмет Ясауи мешітінде жұма намазын жүргізді.

Жамағатты жақсылық пен бірлікке үндеген Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Қадірлі қауым, ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз үмбетін өлшеулі өмірді ізгі істермен өткізуге үндеген. Осы өмірде өзгеге барынша жақсылық жасап, игі істерге көңіл бөлейік. Бүгінде Діни басқарма ихсан ілімін насихаттауда. Ихсан ілімі пендені әр істі көркем түрде орындауға үндейді. Алла Тағала жақсы істердің басы-қасында болуды жазғай», - деді.

ҚМДБ Төрағасы жамағатты жұма намазы кезінде санитарлық талаптарды сақтап, құлшылық жасауға шақырды.

Пікірлер Кіру