ҚАЛА БАС ИМАМЫ «РАИСА АНА» МЕШІТІНІҢ ЖАЙ-КҮЙІМЕН ТАНЫСТЫ (ФОТО)

29 наурыз 2023 3093 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ Астана өкілдігінің бас имамы Ерболат Жүсіпов қаланың оң жағалауында орналасқан «Рақымқызы Раиса ана» мешітінің жай-күйімен танысып қайтты. Бесін намазына жиналған жамағатқа уағыз-насихат айтып, өтініш-тілектерін тыңдады. Бесін намазынан кейін жамағат арасынан ақсақал бата беріп, Рамазан айының берекелі өтуін тіледі. Қала бас имамы мешіт ұжымымен кездесу өткізіп, Рамазан айында өтетін  іс-шаралар жұмысына жауапкершілікпен қарауға шақырды.

Мешіт жұмысын жандандыру, «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында атқарылар іс-шаралар, Рамазандағы уағыз-насихат жұмыстары, қайырымдылық істері, тарауих намазы, ауызашар т.б. өзекті діни мәселелер бойынша мешіт ұжымына байланысты өз ұсыныстарын айтып, қасиетті айда игі істер атқарудағы белсенділік үшін өз алғысын білдірді.  

Айта кетейік, «Рақымқызы Раиса ана» мешіті тазалық жұмыстарына жіті мән беріп келеді.

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру