Ораза айт қарсаңында 40 отбасыға көмек берілді (ФОТО)

12 мамыр 2021 438 0
Оқу режимі

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ырыскелді қажы» мешітінде 40 отбасыға қуаныш сыйлаған қайырымдылық шарасы болып өтті. Атап айтқанда, «Ырыскелді қажы» мешітіне қарасты «Нәзік» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен ұлық мереке қарсаңында 40 мұқтаж отбасыға азық-түлік сөмкелері үлестірілді.

Қайырымдылық шарасының шымылдығын мешіт бас имамы Яхияхожа Абдуллаұлы ашып, жамағатты келе жатқан Ораза айт мерекесімен құттықтады. Сондай-ақ, мешіт ұстазы Зарина Шамидуллақызы да ізгі тілегін білдіріп, бүгінгі шараның мән-маңызын атап өтті.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру