Онкология бөліміндегі сәбилерге сыйлық жасалды (ФОТО)

08 маусым 2021 415 0
Оқу режимі

Ел астанасы Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ырыскелді қажы» мешітінің «Нәзік» қыз-келіншектер клубының ұйытқы болуымен жөні бөлек қайырымдылық шарасы өтті. Мешіт бас имамы Яхияқажы Абдоллаұлы бастамасымен Әйел-қыздар секторына қарасты «Нәзік» қыз-келіншектер клубы демеушілер көмегімен «Ана мен бала» орталығындағы науқас сәбилерді зиярат етіп қайтты.

Айта кетейік, «Ырыскелді қажы» мешітінің ұстазы Зарина Жүкенованың жетекшілігімен аталмыш орталықтағы «Онкология» бөлімінде емделіп жатқан 143 балаға арнайы сыйлықтар және «Онкологиялық клиника» жансақтау бөлімшесіндегі ем қабылдаушыларға қажетті тазалық жабдықтары тарту етілді.

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру