ЕЛОРДА ИМАМДАРЫ ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРДЫ ТАЛҚЫЛАДЫ (ФОТО)

30 қаңтар 2023 776 0
Оқу режимі

Бүгін ҚМДБ Астана қаласы өкілдігі бойынша 2023 жылға арналған жылдық жоспарды талқылау жиыны болып өтті. Қала бас имамы Ерболат Жүсіповтің төрағалығымен өткен жиынға қала мешіттерінің бас имамдары мен бағыттар бойынша жауапты қызметкерлер қатысып, 2023 жылға арналған өкілдік жоспарымен танысты.

Қала бас имамы Ерболат Жүсіпов кешегі өткен ҚМДБ Төралқа мәжілісіндегі Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бағдарлық баяндамасы негізінде түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, биылғы жылы басымдық берілген 5 жұмыс бағытын таныстырды. Айта кетейік,  биылғы жылы Дін мен дәстүр, Ізгі қоғам, Ихсан және насихат, Діни оқу-ағарту, Жат діни ағымдардан сақтандыру бағыттарына айрықша басымдық беріліп отыр.

Аталмыш бағыттар бойынша және басқа да жұмыс жоспарлары аясында атқарылатын іс-шаралар талқыланып, бағыттар бойынша жауапты қызметкерлерге нақты тапсырмалар жүктелді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру