ЕЛОРДА ИМАМДАРЫ СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ МҰРАЖАЙДЫ ЗИЯРАТ ЕТТІ (ФОТО)

21 ақпан 2024 1597 0
Оқу режимі

Бүгін Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған елорда имамдары ақын, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфуллинге арналған бірден-бір тарихи ескерткіш Сәкен Сейфуллин атындағы мұражайға барды.

Айта кетсек, биыл Сәкен Сейфулиннің туғанына 130 жыл толады. Осыған орай ұйымдастырылатын үлкен шараға жоспар ретінде мұражай әкімшілігімен бірге біршама игі бастамалар талқыланды.

Кездесу барысында мұражай қызметкері имамдарға Сәкен Сейфуллиннің өмір жолы мен сан қырлы шығармашылығын таныстырып өтті. Сонымен қатар 1920-1930 жылдардағы Ақмола қаласының өмірі жайлы мәлімет беретін мұражайға қойылған ақынның жеке заттары мен кітаптары туралы деректерді көпшіліктің назарына ұсынды.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру