ДАРХАН ҚЫДЫРӘЛІ САУД АРАБИЯСЫНЫҢ МИНИСТРІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

26 қыркүйек 2022 515 0
Оқу режимі

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық және ұмра министрі Тауфик бен Фаузан әл-Рабиамен кездесті.

Кездесуге Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысты.

Жыл сайын елімізден Сауд Арабиясына қажылық пен ұмраға барушылардың саны артып келеді. Осыған орай екі елдің министрлері қажылыққа квота беру, қасиетті сапарға барушыларды тасымалдау мәселесін пысықтады. Жүздесу соңында Дархан Қыдырәлі құрметті мейманға Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің қақпасы бейнеленген кәде-сый сыйлады.

Айта кетейік, бүгінгі кездесу – мемлекет басшылары деңгейіндегі сапардың бір нәтижесі.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру