БАС МҮФТИ БАЛАЛАР АУЫЛЫНА БАРДЫ (ФОТО)

28 қыркүйек 2022 411 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Қызылорда облысына жасаған сапарында «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылына барды.

Орталықта тәрбиеленіп жатқан жасөспірімдер Бас мүфти бастаған дін қызметкерлеріне өз өнерлерін паш етті.

«Хазіреті Әли (Алла оған разы болсын): «Балаларға ғылым-білім үйретіп, әдепке баулыңдар», – деген. Баланы жастайынан білімді, зерек етіп өсірудің маңызы зор. Қарап отырсақ, қазақтың нар тұлғалары бала кезінен зеректігімен көзге түскен. Сіздер де ертең-ақ үлкен азамат болып, елге қызмет ететін тұлға боласыздар. Ол үшін бүгін жақсы білім мен тәрбие алыңыздар. Алла болашақтарыңызды жарқын етсін» деп дұға етті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Бас мүфти балалар үйін аралап, олардың шығармашылығымен, тыныс-тіршілігімен танысты. Сый-сияпатын табыстап, игі ниетін жеткізді.

Айта кетсек, бүгінде «Атамекен» отбасы үлгісіндегі балалар ауылында 60 жасөспірім тәрбиеленуде.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру