Бас мешіттегі сенбілік қайырымдылық шарасына жалғасты (ФОТО+ВИДЕО)

15 мамыр 2021 823 0
Оқу режимі

Бүгін Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкерлері сенбілік ұйымдастырып, «Астана зеленстрой» мекемесінің ұжымына көмек қолын созды. Шаһарды абаттандыру жоспары бойынша «Әзірет Сұлтан» мешітінің маңына жыл басынан бері 80 түп ағаш отырғызу жоспарланған болатын.

Мешіт ұжымы бүгін осы ағаштарды толығымен отырғызып, мешіттің сыртқы көркіне де өз үлестерін қосып қайтты. Сондай-ақ, бірнеше апта бойы осы жұмысқа жауапты болған «Астана зеленстрой» мекемесінің 40 қызметкеріне Ораза айт мейрамының құрметіне орай қайырымдылық шарасын ұйымдастырып, арнайы айттық сөмкелерін тарту етті.

Игі шараға «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов, шараға демеушілік танытқан «Сауап» белсенділер тобының мүшелері, Алматы ауданы әкімдігінің қызметкерлері бірге қатысып, мешіт маңына өз қолдарымен ағаш отырғызды.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру