«ӘЛЖАН АНА» МЕШІТІНДЕ ЖАСТАРҒА МЕШІТ ӘДЕБІ ТҮСІНДІРІЛДІ (ФОТО)
07 қараша 2024
550
0
Оқу режимі
Астана қаласындағы «Әлжан ана» мешітінде жастар қауымымен арнайы басқосу жиыны өтіп, оларға мешіт әдебі түсіндірілді.
Мешіттің наиб имамы Бердімұрат Сайынұлы құлшылық үйіне кіру әдебінен бастап, жастарды дінге құрметпен қарауға және мешіттегі жүріс-тұрыс ережелерін дұрыс сақтауға шақырды.
Атап айтсақ, мешітке тазалықпен кіру, таза киіммен, дәретпен келу, сабырлық сақтау, мешітте қатты дауыс шығармау, ұялы телефонды дыбыссыз қою, намаздағы әдеп, құлшылық кезінде өзгелерге кедергі жасамау, сапты түзеу сынды ережелер түсіндіріліп өтті. Сондай-ақ, жамағатпен қарым-қатынас, өзара құрмет, сыйластық құру секілді әдеп дәрістері де жиынның басты өзегі болды.
Пікірлер
Кіру