АҚАН СЕРІ ЖЫРЛАҒАНДА...

22 ақпан 2024 630 0
Оқу режимі

Мен мұны жек көрмеймін бір себептен.

Сүйікті жан өткен жоқ Мұхамметтен.

Алланың өзі сүйген достысына,

Әбужәһил-мүшрек қастық еткен.

Екі жиһан шырағын қорлаймын деп,

Ақыры солар-дағы не боп кеткен?

Болар деп артқы жағы сол секілді,

Сүйінші қып қуанам Хазыреттен.

Жүз қабат Имам Ағзамға қамшы соғып

Зынданға Мансұр патша хүкім еткен.

Кемеден Жүніс пайғамбар жығылғанда

Қырық күн балық қарынын мәкән еткен.

Ферғауын қанша әскермен қамағанда,

Мұсаға Ніл дариясы жол боп кеткен.

Намұрұт Ибраһимді отқа атқанда,

От оған Гүлстан боп хұрмет еткен.

Он екі жыл зыңданда Жүсіп жатып,

Құданың құдіретіне шүкір еткен.

Сол Жүсіп ақырында қандай болды?

Мысырға патша болып хүкім еткен.

Алты жыл Әюбті құрт шаққанда,

«Нағим-үл ғабдү» атанып сабыр еткен.

Рахима бір бұрымын нанға сатып,

Атпастай ақырында қалды дауға.

Ақырында Рәхима қандай болды,

«Сабыр түбі – сары алтын» шыдағанға.

 

Пікірлер Кіру