Ислам дініне тіл тигізудің үкімі не?

16 маусым 2021 406 0
Оқу режимі

Ассаламу алейкум!

Ақпарат құралдары діни тақырыпты қозғағанда асыра-сілтейтін кездері кездеседі. Кейде дін өкілдеріне де тіл тигізіп жатады. Сонымен бірге, ел арасында дін және діндарлар жайлы әзіл-қалжың әңгімелер айтылып жатады. Сұрайын дегенім, дінге тіл тигізу күпірлік емес пе?


Жауап

Уа алейкум ассалам!

Фиқһ ғалымдары Ислам дініне тіл тигізу күпірлік. Мұндай сөз иесі кәпір болатынын бірауыздан айтқан. Дегенмен, мұсылманның дініне тіл тигізген адамға асығыс үкім шығарылмайды. Өйткені, бұл сөз мұсылманның дінді ұстай алмауына қатысты болуы ықтимал. Осы себепті де тіл тигізушіге күпірлік үкімі берілмейді. Алайда, күнә жасаушы болып табылады. Абдулла бин Масғұд (р.а.): «Мұсылманға тіл тигізу – пасықтық (күнә), оны өлтіру – күпірлік[1]», – деген хадис риуаят еткен.

Солай дегенімізбен, шариғат астарында пасықтық пиғыл білініп тұратын сөздерді айтуға тыйым салған. Өйткені, сөзімен Исламға тіл тигізген адамның кәпір болып қалуы әбден мүмкін.

Бұл жөнінде, ханафи ғалымдар: «Мұсылманның дініне тіл тигізген адам кәпір деп танылмайды[2]», – деген. Себебі, бұл дінге емес, мұсылманның іс-әрекетіне бағытталған болуы ықтимал. Былайша айтқанда, балағаттаушының сөздері шынайы Ислам дініне емес, мұсылманның мінез-құлқы, қарым-қатынасына қарай айтылуы мүмкін.

Мәлики мазһабы бойынша: «Дінге, шариғатқа немесе мазһабқа тіл тигізу көбінесе, есек бағушы, түйеші және қызметшілерден (қарапайым адамдардан), кейде басқа да адамдардан шығады. Егер адам бұл сөздерімен кіршіксіз таза шариғатты және пайғамбарының тілімен пенделеріне жіберген Алла үкімдерін сынға алуды ниет еткен болса, онда мұндай сөзді айтушы кесімді түрде кәпір болмақ. Ал, егерде ол сөздерімен адамның күй-жағдайы мен дін ұстауындағы оқылықты ниет етсе, ол мұсылманды сөгу болып табылады. Сөйлеушінің ниеті өзінің мойындауы және сөз қандай жағдайда айтылғанына қарай ажыратылады[3]».  

 


[1] Бұхари, Муслим
[2] Раддул Мухтар ала Дуррил Мухтар, 4,230
[3] Фатх Али Малик фи фатауа мазхаб Малик 2, 347

Пікірлер Кіру