РАМАЗАНҒА ДАЙЫНДЫҚ МАҚСАТЫНДА ЖАМАҒАТ АРАСЫНДА САЙЫС ӨТКІЗІЛДІ (ФОТО)

22 наурыз 2023 713 0
Оқу режимі

Бүгін Елордадағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде «Сен Рамазанға дайынсың ба?» атты рухани кеш болып өтті. Шара аясында жамағатқа Рамазанға қатысты викториналық сұрақтар қойылып, сыйлықтар берілді.

Қасиетті Құран аяттарымен басталған кеште қала бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы сөз алып, бүгінгі кештің маңыздылығы туралы айтып, Рамазан айының берекелі өтуін тіледі.

Кешке арнайы шақырылған айтыскер ақын Серікзат Дұйсенғазы өзінің Рамазан айы туралы шығарған өлеңін оқып, ақ тілегін білдірді. 

Шараға қатысушы жамағат арнайы берілген қағазға  қасында отырған бауырының есімін жазып, қасиетті айдың келуімен құттықтады. 

Сондай-ақ, қатысушылардың барлығына Меккеден әкелінген Зәм зәм суы таратылып, арнайы дұға жасалды. Осы ретте мешіт ұстаздары Зәм зәм суының қасиеті мен ішу әдебін айтып өтті.  Кеш соңында қатысушыларға «Рамазанға қатысты 200 сұрақ» кітабы таратылды.

 

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру