Нұр-Мүбарак университетінде бір айлық курс басталды (ФОТО)

17 маусым 2021 471 0
Оқу режимі

Еліміздің 17 аймағынан дін саласының 65 маманы біліктілігін арттыруға кірісті. Атап айтқанда, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитеті мен Нұр-Мүбарак университеті бірлесіп «Исламдық бағыттағы деструктивті және радикалды діни идеологияны ұстанушыларды радикалсыздандыру және оңалту саласындағы мамандардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру» курсын өткізуде.  

Бір айлық курсты Нұр-Мүбарак университеті жанындағы Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығы үйлестіруде. 140 академиялық сағатқа есептелген, 15 пәннен тұратын курста еліміздегі діни салаға тікелей қатысы бар имамдар, дінтанушылар және басқа мамандар қатысуда. Әдістемесіне сай курс академиялық тәсіл және дерадикализация тәсілдерінің академиялық мәселелерін, мақсатты топтармен мақсатты түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру және деструктивті радикал ағымдарға ерушілермен жұмыс істеудің әдіс-құралдарын қамтитын өзекті дәріс бағдарламасымен  ерекшеленеді.

Дәрістерді Нұр-Мүбарак университетінің білікті оқытушылары, сондай-ақ Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті академиясы мен республиканың жетекші оқу орындарының осы салада танымал арнайы шақырылған білікті мамандары жүргізуде.

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру