ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУДА

02 маусым 2023 2102 0
Оқу режимі

Жыл басында ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы дін қызметкерлеріне жолдаған бағдарлық баяндамасында бес бағытта жұмыс істеуді бекіткен еді. Қабылданған бес бағыттың ішінде жат діни ағымдардан сақтандыру мен діни оқу-ағарту бөлімі аясында дін қызметкерлерінің өзара тәжірибе алмасуы жоспарланған болатын. Әр өкілдіктен 5 дін қызметкері басқа аймаққа тәжірибе алмасуға барса, тиісінше, өзге өңірлерден 5 имам да сол облысқа іскерлік тәжірибе алмасуға келмек.  Аталған жобаның алғашқы қадамын Алматы және Астана өкілдігінің қызметкерлері бастады.

Алматы орталық мешітінің наиб имамы Сыздықов Бекзат Оқапұлы Астана өкілдігінде бір апта болып, іс-шаралар мен діни рәсімдерді орындауға қатысты. Атап айтар болсақ, ол Астананың  барлық дерлік мешіттерінің жұмысымен танысып, уағыз-насихат жүргізді. Сондай-ақ, қоғамдық-мәдени іс-шаралардың ұйымдастыру барысымен танысып, өз кеңестерін де ұсынды.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру