АСТАНА ИМАМДАРЫ EXPO КӨРМЕСІН АРАЛАДЫ (ФОТО)

22 ақпан 2024 638 0
Оқу режимі

Астана қаласының өкілі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Ерболат Жүсіпов бастаған дін қызметкерлері астанамыздың төрінде орналасқан ЭКСПО орталығына барып, көрмелерді аралап қайтты.

Ғылымның соңғы жетістіктерінен ақпар беретін көрме дүниежүзі ғалымдарының соңғы технологиялық зерттеулерінен тұратын арнайы модульдерден құралған. Атап айтсақ өңдеу өнеркәсібі, бизнес және технологиялар, білім және құрылыс, машина жасау және металл өңдеу, жиһаз және дизайн, гүлдер және ландшафтты дизайн, су индустриясы, қорғаныс, қауіпсіздік секілді салаларды қамтиды.

Сол жерде қызмет атқаратын арнайы мамандар дін қызметкерлерін ішінара аралатып, инновациялық жобалардың мәні мен мақсатын түсіндіріп өтті. Өркениетті қоғамның озық технологиялық үлгілерін тамашалаған имам, ұстаздар тың мәліметтер алып, ерекше әсермен қайтты.

Дереккөз: muslim.kz

Пікірлер Кіру