
Исмаилов Олжас Бақытұлы
Исмаилов Олжас Бақытұлы
1989 жылы Қарағаны облысы, Ұлытау ауданында дүниеге келген. Отбасылы.
Академиялық білімі:
2009-2013 жылдары Алматы қаласы «Нұр-Мүбарак» университетінің «Исламтану» мамандығын тамамдаған.
2013-2015 жылдары «Нұр-Мүбарак» университетінің «Исламтану» мамандығы бойынша магистрлік дисстертация қорғаған.
Біліктілігі:
2014 жылы Докуз Ейлюл университетінің профессоры Ханафи Өзжанның «Матуридилік және діни таным теориясы» атты дәрісіне қатысқан.
2014 жылы Мысыр Араб Республикасы әл-Әзһар университетінің профессоры Хәнә Мухаммед Абутолибтің «Тәпсір ілімінің мәселелері» атты дәрісіне қатысқан.
2014 жылы «Шешендік өнер негіздері» атты тренингке қатысқан.
2015 жылы Мысыр (Египет) елінің Каир және Танта қалаларында ғылыми зерттеу тәжірибесін өткен.
2022 жылы Астана қаласының «Дін істері жөніндегі басқармасы» ММ ұйымдастырған «Діни үдерістердегі модернизациялық аспектілер» атты Астана имамдарына арналған семинарына қатысқан.
Еңбек жолы:
2013-2015 жылдары Жезқазған қаласы «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінде наиб имам болып жасаған.
2015-2016 жылдары Сәтбаев қаласында «Дін мәселесін зерттеу орталығында» теолог қызметін атқарған.
2016-2017 жылдары Жезқазған қаласында «Конфессия аралық қарым-қатынастарды зерттеу және талдау орталығында» теолог болып жұмыс істеген.
2016 жылы Жезқазған қаласы «Ахмет ишан Оразайұлы» мешітінде ұстаз қызметін атқарған.
2018-2020 жылдары Алматы қаласы «Нұр-Мүбарак» университетінде оқытушы болып қызмет жасаған.
2022 жылдың 27 қыркүйегінен бастап республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы.
Марапаттары:
2015 жылы Сәтбаев қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының марапаты.
2015 жылы Сәтбаев қаласының әкімінің алғыс хаты.
2019 жылы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің басшысының алғысы.
2019 жылы Білім-қазына қоғамдық қорының президенті алғысы.