АТАЛАРДЫҢ АЙТҚАН СӨЗІ

29 ақпан 2024 618 0
Оқу режимі

Ақын Нарманбеттің атасы Байжомартқа Балқаш өңіріне көшіп, мал бітіпті. Оны Шыңғыстаудағы Құнанбай естіп:

- Байжомарттың мал бітетін сиқы жоқ еді,- депті.

Сонда анасы Зере:

- Балам, олай деме, ырысты келін түскен шығар, несібелі бала туған шығар,- депті.

Сонда Құнекең: - Айттым да, қайттым, тәубә құдай,- деген екен.

***

Ақын Ілияс Мәңкі ұлының әкесі Мәңкі Қарағандының жанындағы Нұра жерінде өткен ғасырда туып - өскен. "Баласы бардың..." деген сөзінде Мәңкі батыр:

Алты баласы бардың аулына бар ма,

Бес баласы бардың бетіне келме,

Төрт баласы бардың төрде орны бар,

Үш баласы бардың алдында айдаған малы бар,

Екі баласы бардың өкпе, бауыр, жалы бар,

Жалғыз баласы бардың шығар - шықпас жаны бар"- депті...

***

"Бәрінен сөз бастау қиын, тауып айтсаң мереке қылады, таппай айтсаң

келеке қылады"- деп, сөзді биік қойған орта жүз қыпшақ Досбол датқа өзі өскен Ұлытаудағы Жыландыдан Сырға көшіпті. Датқаның малы кетіп,

қартайғаның естіп Ұлытаудың игі жақсылары жолға шығыпты. Сол кездің дәстүрімен біреуі "сөйлес қыл" – деп дауыстапты.

Датқа шығып:

-Шіренбей, мырзам, үйге түс.

Шіренгенің маған күш,

Азын- аулақ көже бар,

Ойнап, күліп. бөліп іш,

Түссеңдер - мынау қара лашық,

Түспесеңдер анау- жолың ашық,- дейді, сонда келгендердің ішінен біреуі:

Алыс жер ит арқасы қиян жерден ат сабылтып, әдейі амандық білуге келдік, - депті.

Олар Датқаға елден жүз қой, екі бие, киіз үй сатып алып, датқаға сыйлапты.

Екі- үш күн әңгіме қырып, олар кетерде Датқа былай

дейді:

-Жігіттік өтті, Кәрілік жетті,

Мал кетті- екеуледі,

Қатын шайпау, Бала тентек- төртеуледі,

Талайға үлгі берген Досбол ағаларың

Алдарына түсіп ап мөнтеңдеді, - депті.

 

Пікірлер Кіру