Пайғамбарымыздың ﷺ түсімізге кіретіні рас па?

06 маусым 2020 7742 0
Оқу режимі

Әссәламу уалейкум! Сіздердің сұрайын дегенім, Мұхаммед пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) түсімізге кіретіні қаншалықты рас?


Жауап

Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.): «Кімде-кім мені түсінде көрсе, өңінде де көргені, өйткені шайтан менің бейнеме ене алмайды»[1] деген хадис жеткен. Алайда, кейбір ғұламалардың көзқарасы бойынша, Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) көрген адам оның сипаттарымен де қоса көруі керек екендігін айтқан. Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) әркім түсінде әртүрлі көруін былай деп түсіндіре аламыз. Адамдардың көрген түсі мен өздерінің рухани болмыстары арасында жақын байланыс бар. Егер адам түсінде Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) кейбір жақсы қасиеттерін көрмесе, демек, ол адамның өзінде сол қасиеттер жетіспейді деген сөз. Кейде адамның жағдайына қарай ишаралар да болуы мүмкін. Сол себепті де әртүрлі көреді.

 


[1] Бұхари, Табир 2, 10

Пікірлер Кіру