Бір-ақ рет емізілсе де «сүт бауыр» бола ала ма?

05 қыркүйек 2019 8801 0
Оқу режимі

Әссәламу уалейкум! Сүт бауырлық қалайша жүзеге асырылады? Және де өмірінде бір-ақ рет бір анадан сүт емгендер «сүт бауыр» бола ала ма?


Жауап

Уа алейкум ассалам! Яғни, екі ананың баласы болып, бірақ бір емшектен сүт емген адамдарға сүт бауыр деп айтамыз. Барша адамзат баласына тура жол ретінде түсірілген Құран Кәрімде сүт аналарға және сүт бауырларға үйлену харам етілгені айтылады[1].

Фиқһ ғалымдарының көзқарасы бойынша баланың алғашқы екі жас ішінде емген сүті аз болсын, көп болсын сүт бауыр болу үшін жеткілікті. Сол себептен екі жасқа дейін бір әйелден бір мәрте болса да сүт емген қыз және баланың бір-бірлерімен үйленулері рұқсат етілмеген[2].

Имам Әбу Ханифаның көзқарасы бойынша баланың ему мерзімі 30 ай болса, имам Әбу Юсуф пен имам Мухаммедтің көзқарасы бойынша 24 ай және Әбу Ханифа мазхабының үлкен ғалымдарының қабыл еткен көзқарасы – 24 ай.

Бақытжан Өткелбаев
«Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы

 


[1] «Ниса» сүресі, 23-аят.
[2] Сәрахси Аль-Мабсут V, 137. Касани Бадай с Санай IV, 8.

Пікірлер Кіру