Айт намазынан басқа жолмен қайтудың дәлелі бар ма?
04 маусым 2019
9141
0
Оқу режимі
Ассалам алейкум. Айт намазын оқуға барған адам барған жолымен қайтпауы керек дегенді естіген едім. Қазір ақылды сымақтар көп қой. Нақтысын білейін деген едім... дәлелімен жазып берсеңіз. Рахмет! Қырдың баласы.
Жауап
Уа алейкум ассалам. Айт намазын оқуға барған адамның бір жолмен барып, басқа жолмен қайтуы – сүннет. Бұған дәлел ретінде имам Бұхаридың Жәбир ибн Абдулладан (р.а) жеткізген:
كَانَ النَّبِيُّ صَلَّى اللَّهُ عَلَيْهِ وَسَلَّمَ إِذَا كَانَ يَوْمُ عِيدٍ خَالَفَ الطَّرِيقَ
«Пайғамбар (с.ғ.с) айт күні болса, жолын өзгертетін», – деген хадиске сүйенеміз.
Мүмкіндік болса, сүннетті орындауға тырысамыз. Бірақ барған жолымен қайтса, айып емес. Ең дұрысы Аллаға мәлім.
Айбек Әбдіқадыр
Muslim.kz сайтының діни сарапшысы
Пікірлер
Кіру