6394
0
Оқу режимі
Ассалаумағалейкүм бауырлар! Мен 26 жастағы жігітпін.
Мен айтайын дегенім: осы жылы жазды күндері микрофинанс орталықтарынан ақша алып едім, оның есесіне тағыда каспи кредиттен де алып едім ақша. Бұны қайда алды дейсіз бе? Сол уақыттары мен ойынқұмар болып кеттім. Сол ақшаны құртып қор болдым. каспи кредитті (Бірақ микрофинанс орталықтағыларды төлемей жүрдім себебі оған артылмады ақшам) төлеп жүрген едім, енді жұмыстан да шығып кеттім бір жұмысқа (төлейтін ақшасы көп болған соң) кіремін деп, бірақ ол жұмысқа кіре алмадым. Енді менің әке шешемде ренжүлі. Азартқа кіргенімді білді. Сол үшін қаншама рет ұрысты, енді қайталанбайды десем де сенбейді, осы екі үш ай болды. Әлі де әке шешем ренжүлі, арамыз суық, енді олардың сеніміне кіре алмайтын сияқтымын. Қарыздарымнан құтыла алмай жүрмін, бірақ құтылғым келеді. Жұмыссызда жүрмін. Бір қара жұмысқа кіріп соңына дейін істеймін десем. Оған бүйрегім жарамады үш күн істеп әбден екі бүйрегім ауырды, бірақ бұл бұрын соңды болмаған еді. Істеген істеріме қатты өкінемін. Енді менікі әке шешемнің сенімін қайтадан қайтару, қарыздарымды қайтару. Қарыздарымды қайтармасам осы айдың соңына дейін мені сотқа береді. Әке шешемнің сенбей кететінен әбден қорқамын. Бауырлар менікіндей қатені қайталамаңдар. Ешқашанда!
Енді сіздерден сұрайтыным қандай амал бар қарыздан құтылудың? Ислам не дейді бұл туралы? Қалай құтылуға болады?
Егерде араларыңызда мейірімді адам болса көмектескісі келетін, құтқарыңыздаршы, өтінемін!
Маған жәрдем керек қаржылай, жақында жұмысқа тұрып бөліп қайтарып тұрамын. Әке шешемнің алдында қатты ұяттымын. Тағы да қайталап айтамын, менің қатемді қайталамаңыздар!
Жауап
Автор: Abeke
Пікірлер
Кіру