ХАБАРЛАМАМЕН ЖАЗҒАН ТАЛАҚ ЕСЕПТЕЛЕ МЕ?

29 ақпан 2024 1224 0
Оқу режимі

Хабарламамен жазған талақ есептеле ме?


Жауап

Жұмһұр ғалымдары талақ беруші сөйлей алсын немесе мылқау болсын оның жазбаша талақ беруі ауызша айтылғанның орнын басатынына бірауыздан келіскен. Алайда жазбаша талаққа ниеттің шарт етілуі тартысты мәселе[1]

Ханафи мәзһабында талақ сөзі парақ сияқты нәрселерге анық жазылған болса, онда ол ашық айтылған талақтың үкімінде болады. Одан кейін оның «талақ беруді қаламаған едім» деген себебі қабылданбайды. Ал жазылған талақ сөзі анық болмаса, мысалы су немесе ауаға жазып көрсеткен болса, онда ол киная (астарлы мағынадағы талақ) болып саналады. Егер талақты ниет еттім десе, оның сөзі қабылданады[2].   

Ибн Абидин: «Егер жазған талақ сөзі анық болса, бірақ кімге бағытталып жазылғаны белгісіз болса, онда талақты ниет етсе талақ түседі, ал ниет етпесе түспейді. Ал белгілі болса, яғни әйелінің есімі, мекен-жайы және әйеліне талақ бергеніне ешқандай күман қалдырмайтындай нәрселер қамтылған болса, онда талақты ниет етсе де, етпесе де талақ түседі»[3].

Сондықтан күйеуі әйеліне талақты телефон, электронды пошта, смс немесе дауыстық пошта т.б. арқылы хабарласа, мұндай талақ жарамды болып саналады.

 

ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі

 

[1] «Мәжәлләту әл-ахкәми әл-адлия», 27.

[2] Әл-Азһар университеті, «Шариғат және заң» факультеті, «әл-Ахуалу әш-шахсия фи әш-шәрғияти әл-исләмия», 160.

[3] «Радду әл-мухтар», 2/589.

 

Пікірлер Кіру