Жас жігітті ата-анасы үйлендіруге міндетті ме ?

11 маусым 2021 7194 0
Оқу режимі

Жас жігітті ата-анасы үйлендіруге міндетті ме? 


Жауап

Үйлендіру ата-ананың борышы. Ондаған жылдар бойы құдайсыздар билік құрған материалистік идеологияның ықпалында келген қазақ қоғамында мұсылмандық таным-нанымға, әдет-ғұрыпқа мүлде сәйкес келмейтін керағар, керітартпа әдеттер пайда болды. Солардың бірі – өмірлік жар таңдау атты маңызды мәселенің ешбір тәжірибесіз, балаң да албырт жігіттер мен ештеңеден хабарсыз қыздардың өздеріне қалдырып, осы жауапкершілікті ата-аналардың мүлде сезінбеуі деуге болады. Бұл мәселеде ата-аналардың басым бөлігі: «Жастар өздері білер, өздері шешер», немесе «өзі ұнатқанын алсын, ұнатқанына шықсын» деген пікірді ұстанады. Мұның арты кейбір кездері орны толмас өкініш тудырып жататыны жасырын емес. Ал, шынтуайтына келсек, шариғат заңы бойынша ұлына лайықты келін, қызына лайықты жар тауып беріп үйлендіру, тұрмыс құрғызу – ата-ананың пер-зент алдындағы борыштарының бірі.

Имам Байһақидың сахабалар Әбу Сағид әл-Худри мен Ибн Аббастан (Алла ол екеуіне разы болсын) жеткізген бір риуаятында Алланың Елшісі (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Кімнің баласы туылса, оған жақсы ат қойсын, жақсы тәрбие берсін, балиғат жасына жеткенде үйлендірсін. Егер балиғат жасына жеткенінде оны үйлендірмей, ол күнәға ұрынып қалса, оның күнәсі әкесіне жазылады», - деген.

Пайғамбар (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) басқа бір хадисінде былай дейді: «Балалардың әке-шешесіндегі ақысы үшеу: 1. Туылғаннан кейін жақсы есім беру. 2. Балиғат жасына келгенде Алланың Кітабын үйрету. 3. Үйлену шағына жеткеннен кейін үйлендіру». 

FATUA.KZ

Пікірлер Кіру