Жұмаға жиылған жамағатқа арнайы ролик көрсетілді (ФОТО+ВИДЕО)

16 ақпан 2019 7154 0
Оқу режимі

Кеше, қасиетті жұма күні Астана қаласындағы үш құлшылық ордасында «Дін атын жамылған жат ағымдар» тақырыбында уағыз айтылып, соңынан соқыр сенім жетегімен Сирия жеріне аттанғандар жөнінде арнайы бейнеролик көрсетілді. Атап айтқанда, республикалық «Әзірет Сұлтан» мешіті, «Нұр Астана» және «С.Ғылмани» мешіттерінде арнайы экрандар арқылы жақында ғана Елбасымыздың тікелей тапсырмасымен Сирия жерінен қайтарылған отандастарымыздың бірі Зухра Кенжебаеваның өкінішке толы сұхбатынан үзінді берілді.

ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жүзеге асырылған тың жобаны мешіт жамағаттары қызу қолдап, жат ағымдар жайындағы осындай ақпараттардың халық арасында кеңінен насихатталып, адасушылықтың алдын алуға септігін тигізетінін айтып жатты.

Жат жерден жұмақ іздеп жаңылысқан қандастарымыздың Шам жерінде қандай қайғы-қасіретке ұшырағанынан хабардар етіп, әлі де болса теріс ағымдардың шырмауына алданып жүрген бауырларына ескертуге үндеген қазақ қызының жан сыры жамағатқа ерекше әсер етті.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру