ЖАСТАР ІСІ СЕКТОРЫ СЫРҚАТЫ БАР БАЛАЛАРҒА ҚУАНЫШ СЫЙЛАДЫ (ФОТО)
01 маусым 2024
1025
0
Оқу режимі
ҚМДБ Астана қаласы өкілдігіне қарасты «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті мен Астана қаласы Жастар ісі секторының ұйымдастыруымен, 1 маусым - Халықаралық балалар күні мерекесіне орай аутизм, ДЦП, ДАУНА, ЗПИР симптомдарымен ауыратын балаларға қуаныш сыйлау мақсатында тәттілер таратылып, балаларға арналған фильмдерді тамашалату мақсатында кинотеатрға тегін жолдамалар берілді.
Мешіт ұстаздары мен ата-аналар қауымы бүлдіршіндермен қызықты фильмдер тамашалап, мерекелік көңіл-күйдің куәсі болды. Перзенттерінің жүзінен қуаныш лебін көрген ата-аналар қауымы ұйымдастырушыларға алғысы мен игі тілектерін білдіріп жатты.
Пікірлер
Кіру