Жамбыл облысында 6 отбасы баспаналы болды (ФОТО)

24 мамыр 2022 3450 0
Оқу режимі

Тараз қаласына жасаған сапары барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қайырымдылық іс-шарасына қатысты.

Жамбыл облысының бас имамы Бейбіт Мырзагелдиевтің ұйымдастыруымен, қайырымдылық шарасы аясында 6 отбасыға пәтер кілті табысталды. ҚМДБ Төрағасы қуаныш иелеріне баспана кілтін беріп, шаңырақтарына бақ-береке тілеп, бата берді.

Айта кетейік, баспаналы болған 6 отбасының төртеуі – әлеуметтік тұрмысы төмен әрі көпбалалы отбасылар болса, екеуі – дін қызметкерлерінің шаңырағы.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру