Зекет HUB: 10 отбасыға қаржылай көмек берілді
24 ақпан 2023
1747
0
Оқу режимі
ҚМДБ «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен «Зекет HUB» орталығында 10 отбасыға қаржылай көмек үлестірді.
Қор директоры Мақсатбек Мақсотұлы алдымен көмек алушыларға «Зекет HUB» орталығының жұмысын толық таныстырып өтті. Жаңа орталықтағы тың жобалармен танысқан қала тұрғындары қор басшылығына алғыс білдірді.
Айта кетейік, әлеуметтік жағдайы төмен 10 отбасыға 50 000 теңгеден көмек берілді.
Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі
Пікірлер
Кіру