«Ырыскелді қажы» мешітіндегі айт намазынан көріністер (ФОТО)
Қасиетті Ораза айт мерекесінің бастауы болған айт намазына асыққан жамағаттың бұл күні санында шек болмайды. Еліміздегі құлшылық ордаларының бұл күні іші түгілі, ауласының өзінен ине шаншарлық орын табылмай жатады. Халқымыздың қасиетті Ораза мейрамына деген құрметі мен ниеті осыдан-ақ аңғарылып тұратындай.
Халық арасында өзінің ерекше сәулетіне сәйкес «Алланың гүлі» атанып кеткен Нұр-Сұлтан қаласындағы «Ырыскелді қажы» мешіті де бұл күні жамағатқа лық толып, мешіт ауласында сап түзеген халықтың қарасы көп болды.
Мешіт бас имамы Яхия қажы Абдоллаұлы жамағатқа айт намазын өткізіп, айт құтпасын жеткізді. Жамағатты Ораза айт мерекесімен құттықтап, бүгінгі күннің ерекшеліктеріне тоқталды. Айт намазы аяқталысымен мешіт ауласында ұлттық спорт ойындары ойнатылып, жеңімпаз жандарға марапат таратылды.
Дереккөз: Muslim.kz