ҰҚК: Соңғы 2 жылда Қазақстаннан Сирияға бірде-бір азамат барған жоқ

12 қаңтар 2019 6555 0
Оқу режимі

Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерінің алдын алу және түсіндіру жұмыстарын жүргізуінің арқасында соңғы 2 жылда Сириядағы қақтығыс аумақтарына Қазақстан аумағынан бірде-бір адам шықпаған.

«Әлбетте, Сыртқы істер министрлігіндегі әріптесім (вице-министр Ержан Ашықбаев — авт.) айтқандай, бұл бағыттағы жұмыс ары қарай жалғасын табады. Қақтығыс басталғалы бері, әрине, барлық жауапты мемлекеттік органдар ауқымды жұмыс жүргізген болатын. Алдын алу және түсіндіру жұмыстарының арқасында ондаған, жүздеген адам аталмыш аумақтарға бару туралы ойларынан қайтты. Екінші жағынан, көптеген адамдар үшінші мемлекет арқылы қақтығыс аумақтарына жетіп отырған. Осы ретте атқарылған жұмыстардың жемісін қазіргі таңда міне, көріп отырмыз. Соңғы екі жылда бірде-бір азамат Қазақстан аумағынан қақтығыс аймақтарына шыққан жоқ», - дейді ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің департамент басшысы Бақытбек Рахымбердиев ҚР СІМ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, «Жусан» гуманитарлық операциясы аясында қайтарылған азаматтарға пробациялық бақылау жүргізіледі. «Сирия, Ирак елдеріне барып, сол жердегі жағдайды өз көзімен көріп, түсініп қайтып келгендердің көбісі профилактикалық жұмысқа белсенді түрде қатысады. Сонымен бірге, өткен жылы жауапты мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, радикалды ағымдарға қатысы бар 58 шетел азаматын өз елдеріне депортацияладық», - дейді ол.

 

Дереккөз: kazislam.kz

Пікірлер Кіру