Түркия елшісі Мүфтияттың жаңа ғимаратын аралады (ФОТО)

14 наурыз 2019 6563 0
Оқу режимі

Астанада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Түркияның еліміздегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Невзат Уянык мырзамен кездесіп, мүфтияттың ғимаратымен таныстырды.

«Жаңа ғимараттарыңыз құтты болсын. Расында, бұл – тарихи оқиға, үлкен жеңіс. Алла берекелі етсін. Біз, бауырлас түрік халқы қуаныштарыңызға ортақпыз», – деген тілегін жеткізді елші.

Бас мүфти зәулім кеңсе асыл дініміздің жанашыры Елбасының бастамасымен салынғанын атап өтті.

Айта кетейік, 4 қабатты зәулім ғимараттың кітапхана, акт залы, спорт залы, намазханасы, компьютер бөлмесі бар.

ҚМДБ-ның әкімшілік ғимаратының құрылысы 2015 жылы басталып, 2018 жылдың 14 желтоқсанында пайдалануға берілді. Ғимараттың жер аумағы 1,2 га, ал кеңсенің жалпы аумағы 12 019 шаршы метр.

Ғимарат 4 блоктан тұрады: А блок (4 қабат әкімшілік корпус) 8 996 шаршы метр, Б блок (4 қабат жатақхана) 2 019 шаршы метр, В блок (1-қабатта акт залы) 447 шаршы метр, Г блок (1-қабатта спорт залы) 557 шаршы метр.

Жаңа кеңсе демеушілердің қолдауымен тұрғызылды.

Алла Тағала сауапты іске үлес қосқан барша азаматтарға разы болсын!

 

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру