ТҮРКІ ЖҰРТЫНЫҢ МҮФТИЛЕРІ 100 ҚҰРАН ХАТЫМ ДҰҒАСЫНА ҚАТЫСТЫ (ФОТО)

06 мамыр 2022 4351 0
Оқу режимі

Бүгін Түркістан қаласында түркі мемлекеттерінің мүфтилері, атап айтқанда, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Түркия Республикасы Дін істері басқармасының басшысы, Бас мүфти Әли Ербаш, Кавказ мұсылмандары басқармасының төрағасы, Бас мүфти Аллашүкір Паша-Заде, Өзбекстан мұсылмандары басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Хамитжан Ишматбеков, ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің, Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, ғалымдар мен облыс бас имамдары Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде «Бабалар рухына 100 Құран хатым» рәсіміне қатысты.

Игі іс-шарада Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Құрметті шетелден келген мәртебелі мүфтилер! Қасиетті Түркістан қаласына қош келдіңіздер! Алла Тағала Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне жасаған зияраттарыңызды, бабамыздың рухына бағыштаған Құран хатым дұғаларымызды қабыл еткей. Расында, Құран оқылған, оған амал етілген үйде, жерде, елде тыныштық орнайды, Алланың берекеті болады. Бұдан түйетін ой – Құрансыз өмірдің мәні де, сәні де жоқ. Біз, өмірден өткен жандарға Құран бағыштап, Құдайдан жарылқау тілеген түркі-мұсылман халықтарының бүгінгі ұрпағымыз. Біздің имамдарымыз бен медресе шәкірттеріміз бүгінгі тарихи оқиға қарсаңында ата-баба рухына арнап қасиетті кітабымыз Құранды 100 рет хатым етті. Алла Тағала оқыған Құранымыз бен жасаған дұғамызды қабыл еткей. Әмин!» деді.

Ізгі іс-шарада дін қайраткерлері Қожа Ахмет Ясауи қабірін зиярат етіп, баба рухына қасиетті Құран аяттарын бағыштады.

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру