Түрік мүфтиі «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі жұма намазына қатысып, уағыз айтты (ФОТО)

12 қазан 2018 7698 0
Оқу режимі

Бүгін, қасиетті жұма күні Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітін Түркия Дін істері басқармасының төрағасы Әли Ербаш зиярат етіп шықты. Әлемдік және дәстүрлі діндер сьезіне қатысуға келген түрік мүфтиі еліміздің Бас мешітіне арнайы бас сұғып, өз құрметін білдірді.

Мәртебелі мейманды ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз өзі қарсы алып, қабылдау өткізді. Жұмаға жиылған қалың жамағатқа құрметті қонақты таныстырып өтіп, түрік мүфтиінің тілегіне кезек берілді. Бауырлас қос ел арасындағы рухани бірлік пен ынтымақтастықтың бұдан да жоғары деңгейге көтеріліп, берекесі арта түсуін тілге тиек еткен Әли Ербаш Бас мешітін жамағатына білім алудың да артықшылығын айта келіп, ілімге үндеді.

Айта кетейік, Бас мешіттегі жұма намазына Хорватия Ислам қоғамдастығы Месихат ұйымының төрағасы, Бас мүфти Әзиз Хасанұлы да келіп қатысты. Қасиетті жұма намазында бас қосқан үш ел мүфтиі біріге дұға жасап, әлемдегі тыныштық пен бейбітшіліктің өркендеуін тіледі.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру