Танымал психолог «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел жамағатымен жүздесті (ФОТО)

08 маусым 2018 8352 0
Оқу режимі

Бүгін республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел жамағаты танымал психолог, телеарна жүргізушісі Құралай Ошақбаевамен кездесу өткізді. «Әлемді өзгерткің келсе, өзіңнен баста» атты семинар-тренингке жиылған әйел жамағаты психолог кеңесіне қанығып, шариғатқа сүйенген ғылыми мағлұматтарды сіңіріп қайтты.

Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) өзінің өсиеттерінде көркем мінезділікке көбірек үндеп, адамның өз нәпсісімен күресін, тіпті, жиһадтың үлкен түріне балағаны айтылады. Осы ұғымның аясында адамның асыл қасиеті мінезінде екенін дәйекті түрде түсіндірген Құралай Ошақбаев қалың жамағатқа ғылыми тәжірибелерін де бөлісе кетті.

Қасиетті Рамазан айында арнайы мешіт жамағатымен жүздесуді қалап, семинар-тренинг өткізуді жөн санаған Құралай Ошақбаеваға кезздесу соңында «Әзірет Сұлтан» мешітінен атынан алғыс білдіріп, наиб имам Бақытжан Өткелбаев «Алғыс хат» табыстады.

Пікірлер Кіру