СПОРТШЫЛАРҒА УАҒЫЗ-НАСИХАТ АЙТЫЛДЫ

16 сәуір 2023 2172 0
Оқу режимі

Астанада 9-14 сәуір күндері Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ересектер арасында Азия чемпионаты өткен болатын. Чемпионат алдында спортшыларға ауызашар дастарханын жайылып, имамның қатысуымен уағыз-насихат айтылды. 

Астана қаласының күрес федерациясы ұйымдастырған ауызашарда «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Әділхан Иманәліұлы рухани насихат айтып, қасиетті Рамазан айын сауапты өткізуге үндеді. Ол күрестің пайғамбар сүннеті екенін атап, ниетті түзеп, әр істі игілікке айналдыруға шақырды. 

Ауызашар соңында қазақтың игі дәстүрі бойынша ақсақалдардан бата алынып, спортшыларға сәтілік тіленді.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру