Шәкірттер арасында Алланың 99 көркем есімін жатқа айтудан жарыс өтті (ФОТО)
Өткен аптаның соңында Нұр-Сұлтан қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің әйел шәкірттері арасында Алла Тағаланың 99 көркем есімін жатқа айтудан топтық жарыс болып өтті. Мешіт ұстаздары Динара Құтқожақызы, Эльмира Бұхарбаева және Зарина Шамидуллақызы дәріс беретін үш топтан құралған командалар өзара бақ таластырып, жыл бойғы жиған білімдерін ортаға салды.
Бірнеше кезеңнен тұратын жарыс барысында шәкірттер Алланың 99 көркем есімі мен мағыналарын жатқа айтудан бөлек, түрлі ширату ойындарына қатысып, діни сұрақтармен қатар сан алуан викториналық сынақтар бойынша да білімдерін байқатты. Нұр-Сұлтан қаласы мешіттерінің ұстаздары Динара Құтқожақызы, Айгүл Көксеген және Әйгерім Қайратқызы жарысқа қазылық жасап, шәкірттердің арасынан үздігін анықтауға тырысты.
Сайыс соңында қатысушылардың барлығына естелік сыйлықтар таратылып, командалар жинаған ұпай санына сәйкес арнайы марапатталды.
Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!
Дереккөз: Muslim.kz