Серікбай қажы Ораз депутат Бақыт Смағұлмен кездесті (ФОТО)
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Елордада ауған соғысының ардагері, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұлмен сұхбаттасты.
Кездесуде жастарды имандылық пен патриоттық рухта тәрбиелеу, өскелең ұрпақты деструктивті ағымның жалаң ұрандарынан сақтандыру, мүфтияттың қоғамдық деңгейдегі жұмыстарын жандандыра түсу, т.б. мәселелер талқыланды.
Бас мүфти Серікбай Сатыбалдыұлы Бақытбек Смағұлға мүфтияттың жаңа ғимаратын таныстырып, ҚМДБ-ның игі бастамалары жайлы әңгімелеп берді.
Діни басқарманың жұмысымен жіті танысып, ғимаратты аралап көрген депутат Б.Смағұл: «Алла жұмыстарыңызға жар болсын, ғимараттарыңыз құтты болсын», – деп игі ниетін жеткізді.
Кездесу соңында Бас мүфти мен Мәжіліс депутаты бірлескен жобаларды, қоғамдық шараларды бірлесе атқаруға, жастарды патриоттық рухта тәрбиелеу бағытында ынтымақтастықты арттыруға сөз байласты.
Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі