«САЛАУАТТЫ ДІНИ МАМАН» АТТЫ СПОРТТЫҚ САЙЫС ӨТТІ (ФОТО)
Апта соңында ҚМДБ Астана қаласы өкілдігінің дін қызметкерлері арасында «Салауатты діни маман» атты футболдан жарыс өтті. «Ислам – ынтымақ пен бірлік» жылы аясында ұйымдастырылған доп додасына қаладағы мешіттер арасынан 6 команда жасақталып, өзара бақ сынасты. «Рахымқызы Раиса ана» мешітінің ұйытқы болуымен футбол жарысының жүлдегерлері арнайы «Алғыс хатпен» марапатталып, қаржылай сыйлықтар берілді.
Діни қызметкерлер арасындағы бауырмалдықты арттырып, достықты күшейтуге бағытталған шараға Елорда имамдары белсене қатысып, салауатты өмір салтын көрсетті. Жарыс қорытындысы бойынша «Ғылмани» мен «Раиса ана» мешіттерінен құралған «Алаш» командасы І орынды еншіледі. Ал, «Әлжан ана», «Әл-Ғани», «Төлебай» мешіттерінің діни қызметкерлерінен құралған «Тұран» командасы ІІ орынды қанағат тұтты. «Ақмешіт» мешітінің «Тұлпар» командасына ІІІ орын бұйырды.
Суреттер топтамасын «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!
Дереккөз: Muslim.kz