РУХАНИ КЕЛІСІМ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ

18 қазан 2024 566 0
Оқу режимі

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ,

         ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти         

 

Баршаңызды Рухани келісім күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Алла Тағала әрбір отбасыға бақ пен береке нәсіп еткей! 

Елімізде осынау айтулы күнге маңыз беріліп жатқан жайттың да өзіндік айрықша мәні бар. Өйткені рухани келісімсіз келешек жоқ. Бұл дата еліміздегі барша ұлт пен ұлыс, дін өкілдерінің рухани бірлігі мен өзара бауырмашылдық байланысына үлкен серпін беруде. 

Өздеріңізге мәлім, әр үш жыл сайын елордамызда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі діндер арасындағы татулықты нығайтып қана қоймай, бүкіл мұсылман әлемінің рухани тұтастығы мен бірлігіне қызмет етуде.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Жолдауында: «Қоғамдағы бірлік пен келісімді көздің қарашығындай сақтауымыз керек. Этносаралық және конфессияаралық қатынастың қаншалықты маңызды екенін барлық азаматымыз түсіну қажет. Біз қашан да алауыздыққа қарсы тұра білген елміз» деп атап өткен болатын.

Расында, Қазақ көшін бастаған кешегі хан-сұлтандарымыз ел басқару ісінде ең әуелі ұлтты ынтымаққа ұйыстыруға басымдық берді. Бабаларымыздың бүгінгі ұрпағы ретінде баршамыз бірлігімізді бекем етуге үлес қосуымыз тиіс деп санаймыз.

Рухани келісім күні құтты болсын!

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру