Рухани келісім күніне орай республикалық конференция өтіп жатыр (ФОТО)

16 қазан 2019 6263 0
Оқу режимі

Бүгін Елордада «Рухани келісім – бірлік пен тұрақтылықтың кепілі» атты республикалық конференция жұмысы басталды. 18-қазан – Рухани келісім күніне орай ұйымдастырылған шараға Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев бастаған зиялы қауым өкілдері, Қазақстан Халқы ассамблеясының мүшелері, түрлі қоғамдық ұйым жетекшілері және еліміздегі діни бірлестіктер басшылары қатысты. Айтулы басқосуға ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, еліміздегі тұрақтылық пен бірлік тақырыбында арнайы баяндама жасады.

Республикалық конференция аясында көпшілік назарына 14 діни конфессиялардың қалыптасу тарихы туралы сыр шертетін экспонаттар көрмесі ұсынылды. Шараны Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасы Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығымен бірлесіп ұйымдастырды.

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру