Қызылорда кәсіпорындарына ҚМДБ халал сертификаты табысталды
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкіл имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы қасиетті жұма күнінде «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітіне жиылған барша жамағаттың алдында «Du-Du» кафесі мен «Алменов» ЖК мекемесіне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «халал» сертификатын табыстады.
«Мұрат» ЖК «Du-Du» қоғамдық тамақтану орны ҚМДБ жанындағы «Халал Даму» ЖШС-ның тексерісінен өту барысында2:2016 «Тамақтандыру қызметтері» және 3:2016 «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар»стандарттарының талаптарына сай екендігі расталды.
«Алменов» ЖК мекемесінің «KEREMET-ET» сауда белгісімен өндірілетін мұздатылған жартылай дайын өнімдері 1:2016 «Мал бауыздау және ет өңдеу» және 3:2016 «Халал» өнімдерді өндіруге, дайындауға, өңдеуге, сақтауға, тасымалдауға және сатуға қойылатын жалпы талаптар»стандарттарының талаптарына сай екендігі расталды.
________________________________________________
«Мұрат» ЖК, «Du-Du» кафесі
ҚР, Қызылорда қаласы, Жанқожа батыр көшесі, 6
Тіркеу номері №000216
«Алменов» ЖК, «KEREMET-ET» мұздатылған жартылай дайын өнімдері
ҚР, Қызылорда қаласы, Әл-Фараби көшесі, 181А
Тіркеу номері №000239
Дереккөз: ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігінің баспасөз қызметі