QURBAN-2022 жобасы талқыланды (ФОТО)

27 маусым 2022 3288 0
Оқу режимі

Елордада мұсылмандардың ұлық мерекесі Құрбан айтқа орай ұйымдастырылатын QURBAN-2022 қайырымдылық акциясының жұмыс барысы талқыланды.

Діни басқарманың орталық аппаратында өткен жиынға ҚМДБ Төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғар, бөлім басшылары және Құрбан айтқа орай құрылған жұмыс тобының жауапты мамандары, мешіт имамдары қатысты.

«Өздеріңізге белгілі, бұған дейінгі екі жылда құрбандық шалуды онлайн форматында да жүзеге асырдық. Былтырғы мейрамдағыдай биыл да құрбандық шалу офлайн және онлайн форматта жүзеге асырылмақ. Айт күндеріндегі қасапханалардың тазалығы, мұқтаждарға ет таратумен қатар мал сойылғаннан кейін оның ішек-қарнын тазалау, бас-сирағын үйітіп, терісін де аяқасты етпей қажетке жаратудың маңызды екенін еске саламыз. Сондай-ақ құрбан шалуға онлайн тапсырыс беру үшін қолға алынған сайт жұмысын жетілдіріп, алдағы күндері іске қосуға тиіспіз», – деді Ершат Ағыбайұлы.

Жиын барысында жауапты мамандарға берілген тапсырмалар талқыланып, атқарылған жұмыстар баяндалды.   

Дереккөз: ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру