ҚОСТАНАЙ: СУ БАСҚАН АЙМАҚ ТҰРҒЫНДАРЫНА КӨМЕК БЕРІЛДІ (ФОТО)

31 наурыз 2024 1376 0
Оқу режимі

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының тапсырмасымен Қостанай облысының Арқалық қаласы, Жангелдин және Амангелді аудандарында су тасқынынан зардап шеккен отбасыларға «Зекет және қайырымдылық» қорының ұйымдастыруымен азық-түлік және киім-кешек жеткізілді.

Ал Қостанай облысының бас имамы Бахытбек Тәжімбет су басқан аймақтарға барып, болған жайды өз көзімен көрді. Жергілікті тұрғындардың хал-жағдайымен танысып, халықтан жиналған азық-түлік пен қажетті заттарды таратты. Өңірдегі іскер азаматтар да лайықты үлестерін қосты. Мысалы, «Best Uno» және «Олжа агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің де басшылары да ұн және басқа да тұтынатын тауарлармен демеушілік жасады.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру