ҚМДБ төрағасы қайырымдылық шарасына қатысты (ФОТО)

02 маусым 2022 2739 0
Оқу режимі

Қарағанды облысына жұмыс сапарымен барған Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қарқаралы аудандық «Құнанбай қажы» мешітінде өткен қайырымдылық іс-шараға қатысты.

«Жоқ-жітікке қарасу, жылағанды жұбату, сүрінгенді сүйеу, мұқтаждарды қуанту – халқымыздың бойында ежелден қалыптасқан қасиет. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қашан да қайырымдылық іс-шараларды бірінші кезекке қойып, игі істерге ұйытқы болып келеді. Біздің басты жұмыс бағыттарымыздың бірі – қайырымдылық. Бүгінгі іс-шарамыз да – осының айғағы», – деп атап өтті Наурызбай қажы Тағанұлы.

Айта кетсек, мешіт ауласында өткен іс-шарада 30 отбасына әлеуметтік маңызы бар азық-түлік салынған 30 қорапша таратылды.

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру