ҚМДБ ТӨРАҒАСЫ ГОРГАНДАҒЫ БАС КОНСУЛДЫҚТА БОЛДЫ (ФОТО)

16 ақпан 2023 1801 0
Оқу режимі

ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Горган қаласындағы Қазақстанның Бас консулдығы ғимаратында болып, консул Ербол Ахметовпен кездесті.

Кездесуде Ербол Абанұлы Қазақстанның Маңғыстау облысы мен Иранның Гүлстан уәлаяты арасында өзара ынтымақтастық, атап айтқанда сауда-экономикалық, мәдени, туристік қадамдар жасалғаны жайлы хабардар етті. Еліміздің шет елдердегі қандастарымызға көрсетіп отырған қолдаулары жөнінде әңгімеледі.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Горгандағы қандастармен кездесудің маңызы, алыстағы ағайындармен рухани байланысты арттыру мәселесін ортаға салды. «Шет елдердегі қандастарға қамқорлық жасау – біздің бастыміндетіміз. Өзге елдердегі қазақтың дін қызметкерлеріне қажетті қолдау көрсетіп, діни әдебиеттермен қамтуымыз қажет» деп атап өтті.

Айта кетейік, бүгінде Иранда 6 мыңға жуық қазақ тұрады. Иран қазақтары мұнда 20-жылдардың соңындағы кеңес билігінің қуғындауы салдарынан қоныс аударуға мәжбүр болған еді.

 

Дереккөз: ҚМДБ Баспасөз қызметі

Пікірлер Кіру